«Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінде ҚМДБ Павлодар облыстық өкілдігіне қарасты қала, аудан имамдарының алқалы жиыны өтті. Жиынға сондай-ақ Орталық мешіт қызметкерлері, «Әбу Бәкір Сыддық» медресе-колледжі, «Мәшһүр Жүсіп қарилар дайындау орталығы» директорлары да қатысты.
Іс-шара Құран аяттарын оқумен басталып, облыс бас имамы Жолдас Қоспақұлы ел тыныштығы үшін дұға жасады. Сондай-ақ бас имам Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2022 жылға арналған кеңейтілген Төралқа мәжілісінде қабылданған шешімдерді баяндады.
Сонымен қатар жиында ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» жылына арналған бағдарлық баяндамасын талқылап, елімізде және облысымызда атқарылатын жылдық жоспарларды таныстырып, тапсырмалар жүктеді.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі
mazhab.kz
03.02.2022
3273
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру