Қостанай облысының бас имамы Бахытбек Тәжімбет кезекті іссапарымен Амангелді ауданында болды.
Ол алдымен аудандық полиция бөліміне ат басын бұрып, осындағы тәртіп сақшыларымен кездесті.
Жүздесу барысында бас имам қазіргі таңдағы аса маңызды ынтымақ хақында, Отан алдындағы адал да абыройлы қызмет ету әрбір азаматтың перзенттік парызы екені жөнінде әсерлі уағыздар айтты.
Жергілікті полиция қызметкерлері Бахытбек Нұрғабылұлына арнайы уақыт бөліп, өздерімен патриоттық рухты көтеретін әңгімелер өткізгені үшін шын жүректен шыққан шынайы алғыстарын білдірді.
Сондай-ақ бас имам орталық ауруханада денсаулық сақтау саласында уақытпен санаспай біліктілік танытып жүрген ақ халатты абзал жандармен де жүздесіп, қазіргі таңдағы өз кәсіптеріне деген адалдықтары, жауапкершілік жүгін жоғары сезінетіндіктері туралы келелі әңгіме қозғады.
Басқосу соңында медицина қызметкерлері бас имамға дән ризашылығын жеткізіп, халық үшін атқарып жатқан игілікті жұмысына табыс тіледі.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
akmechet.kz
28.01.2022
3038
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру