Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АЛМАТЫДА «ЕЛДІГІМІЗ – БІРЛІКТЕ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ (ФОТО)

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 25.01.2022 2160 1 пікір
АЛМАТЫДА «ЕЛДІГІМІЗ – БІРЛІКТЕ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ (ФОТО)

Бүгін Алматыдағы Ұлттық кітапханада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 11 қаңтардағы «Қасіретті қаңтар» сабағы: қоғам тұтастығы – Тәуелсіздік кепілі» атты Үндеуіне арналған «Елдігіміз – бірлікте» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы, Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы және қоғам қайраткерлері, шығармашылық өкілдері, Ұлттық кітапхана қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.

Алдымен наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізе келе, ел тыныштығы мен тұрақтылығын сақтау жолына арналған мүфтият бастамаларына тоқталды.

«ҚМДБ 2022 жылды «Ислам – ынтымақ және бірлік діні» деп жариялады. Ел тыныштығы мен бірлігін сақтауда Діни басқарма бірқатар шараларды қолға алды. Елдегі төтенше жағдай кезінде Бас мүфти бастамасымен дін қызметкерлері қайырымдылық шараларын атқарды» атап өтті наиб мүфти.

Пікірлер (1)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Насылбек Елиза | 26.01.2022 02:53

Жарайсыздар! қоғам тұтастығы – Тәуелсіздік кепілі екені рас. Мұндай сапалы жиналыстар жақсы ой қорытуға қажетinnocent