Қыс келіп, жерге қар түсісімен шаһарымыздағы жұмысшыларға қарбалас басталады. Бұл әрине, халқымыздың мүддесі үшін жасалып жатқан игі істер екені белгілі.
Олардың қызметінің ерекшелігін жете түсінетін Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің қызметкерлері дер кезінде қолдау көрсетуді ұйғарды. Имандылық ордасының ұйымдастыруымен шаһарымыздағы тазалық жұмысымен айналысып жатқан жандарға жұртшылық «қыстың қымызы» деп атап кеткен құрт көже апарып берді.
Мұндай мешіт тарапынан ыстық ықыласқа бөленген жұмысшылардың қуанышында шек болған жоқ. Олар шын жүректен шыққан шынайы алғысын білдірді.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қостанай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
28.12.2021
2174
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру