Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Курс тыңдаушыларына куәлік берілді

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 21.12.2021 1722 0 пікір
Маңғыстау: Курс тыңдаушыларына куәлік берілді

ҚМДБ Маңғыстау облысы өкілдігі мен «Отпан» Ақпараттық-түсіндіру және оңалту орталығы» жергілікті әйел жамағаты үшін ұйымдастырған «Ислам және Қоғам» танымдық курсы жұмысын қорытындылады.

Қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында «Ислам және Қоғам» курсы бойынша «Ақида ілімі», «Ислам психологиясы» және «Ихсан ілімі» пәндерінен діни сауатын ашқан 70-тен аса тыңдаушыларға куәлік беру іс-шарасына Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы, Әйел-қыздар секторы өкілдігінің жетекшісі әрі облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Ақмарал Қазиева, Маңғыстау облысы бойынша ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері Азамат Нұғманұлы, Динара Русланқызы және курс тыңдаушылары қатысты.

Алғы сөзді алған Әнуар Ізімбайұлы: «Хадиске сәйкес, білім алу ер адамдарға ғана емес, әйел затына да парыз. Білім жолындағы күрес – ең үлкен күрес. Надандықтың емі білімде екенін білесіздер. Құрметті апалар, қарындас-əпкелер, жеңге-келіндер сіздерге үлкен алғысымды білдіремін. Осы алған білімдеріңізде бала тәрбиесінде пайдалансаңыздар. Алла отбасыларыңызға амандық беріп, игерген білімдеріңізбен амал етуге нәсіп етсін» дей келе курс қатысушыларына арнайы сертификат табыстады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру