Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Семей: Мереке күндері «Тегін такси» акциясы өтті

Абай Құнанбайұлы атындағы Семей орталық мешітінің баспасөз қызметі alashdin.kz 20.12.2021 2163 0 пікір
Семей: Мереке күндері «Тегін такси» акциясы өтті

Семей қалалық мешіт имамдарының бастамасымен Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «Тегін такси» акциясы ұйымдастырылды.

Семей қаласының бас имамы Асқар Әбітайұлы: «Баршамызға қастерлі мерекеміз Тәуелсіздіктің 30 жылдығы құтты болсын. Қазақ халқы өзінің еркіндігіне, дініне, тіліне, тарихына осы тәуелсіздіктің арқасында оралды.  Осы қастерлі мерекемізді насихаттау, қоғамды бір біріне біріктіру, мейірімділік орнату , халықты бір біріне тұтастыру мақсатында  тамшыдай болса бір амалды жүзеге асыруды ұйғардық. Бұл –«тегін такси» акциясы. Бұл жерде әр ерікті өз көлігімен осы акцияға қатыса алады» деді.

«Тегін такси» акциясы қала бойынша желтоқсан айының 16-17 жұлдызында, яғни мереке күндері өтті. Автокөліктерге «Тегін такси» жапсырмалары жабыстырылып,  қаланың бір топ көлігі бар еріктілері мен мешіт имамдары  екі күн бойы Семей жұртшылығын баратын жерлеріне тегін апарды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру