Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҚО: Білім сайысы өтті

БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі islam-oral.kz 13.12.2021 1847 0 пікір
БҚО: Білім сайысы өтті

БҚО Бәйтерек ауданы «Жұбан молда» мешітінің бас имамы Дүйсенәлі Бейімбеттің ұйымдастыруымен жамағат арасында білім сайысы өтті.

Бұл игі іс-шараға облыстық орталық мешіттің бас имамы Бақытжан Құралбайұлы қатысты. Білім сайысы «Әз пайғамбар Мұхаммед (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) өмір жолы» тақырыбында өтті. Жүлделі орындарға «Ихсан», «Кемел адам», «Қызыл жебе» кітаптары табысталды. 

Кейін арнайы дастархан жайылып, бас имам Бақытжан Құралбайұлы ғибратқа толы уағыз-насихатын айтты.

Мұндай жиындардың, сайыстардың өтуінің ең басты мақсаты –жамағатттың діни білімін арттыру, ауызбіршілікті нығайту, имандылықты көтеру.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру