Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Колледж студенттерімен кездесу

Қостанай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 09.12.2021 2124 0 пікір
Қостанай: Колледж студенттерімен кездесу

Қостанай облысы Арқалық қаласындағы көпсалалы колледжінде жастарға ой салар басқосу өтті. Қатысушылардың жүздесуден мол әсер алды.

Өңірге белгілі білім ордасында алғашқы және технологиялық дайындық пәні бағдарламасы негізінде студенттерге «Діни экстремизм мен терроризм-әлемге төнетін қаупі мен зардабы» туралы терең түсінік берілді.

Маңызды тақырып хақында шаһардағы «Мұхтасиб Әлмұхаммед» мешітінің бас имамы Нұрхан Асанұлы тебірене сөз сөйледі. Оның лаңкестік және экстремистік арандатуға жол бермеу жөніндегі пікірлері мен ой-толғаныстарын колледж студенттері ерекше ынтамен тыңдады.

Мұндай кездесулер әрқашан да еліміздің болашағы болып табылатын жастарды теріс ағымнан сақтандырып, олардың осы бағыттағы таным-түсінігін тереңдете түсері анық.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру