Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: «Пайғамбар ахлағы» кітабы жарық көрді

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі 09.12.2021 2004 0 пікір
Шымкент: «Пайғамбар ахлағы» кітабы жарық көрді

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембайдың «Пайғамбар ахлағы» кітабының танытымы өтті.

Кітаптың тұсаукесеріне Шымкент қаласының бас имам Бақдаулет Нұрматұлы, наиб имам Мұсабек Ақтамберді,  дінтанушы Мұхамеджан Естеміров, әл-Фараби аудандық мешіттің бас имамы Ахметжан Керімбек және ұстаздар, медресе шәкірттері қатысты.

Рухани тәрбие – Ихсан ілімі аясында жарыққа шыққа кітапқа Абдулла Жолдас, Бақдаулет Нұрматұлы, Мұхамеджан Естеміров пікір жазған.

Кітап авторы Талғат Әсембай мырза жинағын қалалық «әл-Фараби» атындағы әмбебап ғылыми кітапханасына, мешіттер мен медресе кітапханаларына үлестірілетіндігін атап өтті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру