ҚМДБ Батыс Қазақстан облыстық өкілдігі 2021 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылады.
Өз кезегінде облыстың бас имамы Бақытжан Құралбайұлы Діни басқарма бекіткен 7 бағыт бойынша атқарылған жұмыстарды тыңдады. Қалалық, аудандық мешіттердің бас имамдары жыл бойына атқарған жұмыстарының қорытынды есебін баяндады.
Бас имам Бақытжан Сабралиев діни оңалту бағыты, діни сауат ашу және уағыз-насихат жұмыстары мен халал бөлімі, әлеуметтік желі арқылы атқарылған жұмыстарды бағалап, 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітіп, нақты тапсырмалар берілді.
Сондай-ақ, өкілдік тарапынан кураторлық ететін наиб имамдар тарапынан жылдықта нәтижелі жұмыс атқарған мешіт имамдарына алғыс білдірілді.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі
islam-oral.kz
08.12.2021
2560
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру