Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодар өңірі имамдарының жылдық есебі тыңдалды

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі mazhab.kz 08.12.2021 1768 0 пікір
Павлодар өңірі имамдарының жылдық есебі тыңдалды

Павлодар қаласының орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде облыс бас имамы Жолдас Қоспақұлының төрағалығымен қала, аудан имамдарының алқалы жиыны өтті. Алқалы жиынға орталық мешіттің наиб имамдары мен дін қызметкерлері де қатысты.

Басқосуда қала және аудан мешітінің бас имамдарды 2021 жылғы орындалған жұмысының негізгі жеті бағыты бойынша атқарған іс-шараларының есебі мұқият тыңдалды.

Имамдардың есеп баяндамасынан кейін Павлодар облысы бойынша 2022 жылы атқаратын іс-қызмет жоспары, мешіттердің негізгі жұмысы және қоғамдағы діни мәселелер жан-жақты талқыланды.

Дін қызметінде жоғары нәтиже көрсеткен қала, аудан мешітінің бірқатар имамдарына «Үздік имам» төсбелгісі табыс етілсе, табысты қызмет атқарған ауыл мешітінің имамдары облыс бас имамы атынан Алғыс хатпен марапатталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру