Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Ырғыз ауданына имам тағайындалды

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 08.12.2021 1989 0 пікір
Ақтөбе: Ырғыз ауданына имам тағайындалды

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мешітінің бас имамы болып Бауыржан Мырзабай тағайындалды.

Ол – бұған дейін Шалқар қалалық «Жанаман ахуын Сейітімұлы» мешітінде наиб имам қызметін атқарған тәжірибелі дін қызметкері, «Ақтөбе» политехникалық колледжі мен «Ақтөбе» медресе-колледжінің түлегі.

Жаңадан тағайындалған имамды жамағатқа Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Мұхаммедисмаил Шадман таныстырып, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру