Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау кәсіпкерлері «Жомарт жұма» бастамасын қолдады

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 07.12.2021 2040 0 пікір
Маңғыстау кәсіпкерлері «Жомарт жұма» бастамасын қолдады

Жуырда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы еліміздегі сауда орталықтарының иелері мен барша кәсіпкер азаматтарды «қара жұма» сөзін «жомарт жұма» деп өзгертуге шақырған болатын. Осыған орай Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы өңірдегі жас кәсіпкерлермен кездесу өткізді.

Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде өткен алқалы жиында Әнуар қажы Ізімбайұлы Бас мүфтидің бастамасы жайлы айта келе: «Сіздерді алдағы уақытта осы жобаға үлес қосып, облысымыздың тұрғындары үшін бірқатар жеңілдіктер ұсыну арқылы қолдау көрсетуге шақырамыз», – деді.

Өз кезегінде кәсіпкер азаматтар: «Дінге қызмет қылу баршамыздың ортақ міндетіміз болғандықтан, бұл бастаманы өте орынды деп есептейміз. Қолымыздан келгенше осы уақытқа дейін жеңілдіктер жасап келеміз. Болашақта бұл бағыттағы іс-шараларда жұма күніне басымдық береміз» деп қолдау білдірді.

Кәсіпкер азаматтарға ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен жарық көрген «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабы да таныстырылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру