Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Бөрлі ауылында намазхана ашылды

Қостанай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі akmechet.kz 07.12.2021 1774 0 пікір
Қостанай: Бөрлі ауылында намазхана ашылды

Қостанай облысы Қарабалық ауданы Бөрлі ауылында намазхана ашылды. Салтанатты шараға жергілікті халық көп жиналды.  

90-жылдардың басында бой көтеріп, бірнеше жыл жұмыс істеген киелі орын кешегі тоқырау кезеңінде жабылып қалған-ды. Бұл әрине жергілікті жұртшылықтың арқасына аяздай батты. Содан бері біраз уақыт өтті. Халықтың Ислам дініне деген ынта-ықыласы артты. Сөйтіп олар имандылық ордасының қайтадан ашылуына бастама көтеріп, түрткі болды.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, аудан басшыларының қолдауымен ауыл тұрғындары, жүрегі жомарт жандар, еліміздің түкпір-түкпірінде ғұмыр кешіп жатқан құтты қоныс тумалары атсалысып, қолға алған игілікті іс ойдағыдай жүзеге асты.

Салтанатты шараға Қостанай облысының бас имамы Бахытбек Нұрғабылұлы қатысып, ауыл тұрғындарына шынайы лебізін білдірді. Сонымен қатар аудан әкімі Руслан Халықов та жерлестерінің қуанышына ортақтасты.

Осылайша 22 жылдан бері жабық тұрған намазхана есігін айқара ашты. Іс-шара соңында ауылдың қадірменді ақсақалдары Ақатай қария мен Жақсылық қажы ақ батасын берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру