Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: «Мұсылманша мотивация» тренингі өтті

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі 02.12.2021 2544 0 пікір
Алматы: «Мұсылманша мотивация» тренингі өтті

Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспанның бастамасымен «Өміріңді өзгерт. Мұсылманша мотивация» атты оқырманға арналған тегін тренинг өтті. Тренингті «Мұсылманша мотивация» кітабының авторы, Қалқаман мешітінің бас имамы Руслан Қамбар мен «Нұрлытау» мешітінің бас имамы, ұстаз Темірбек Пернебекұлы жүргізді.

Іс-шара Алматы қаласы Наурызбай ауданына қарасты «Қарағайлы» қайырымдылық мекемесінде өтті. Тренингке алдын-ала тегін жазылған 40 адам қатысты.

Кітап авторы Руслан Қамбар өмірде өзіңді табу, көркем мінезге жету жолдары, сондай-ақ рухани даму жолындағы тың ойларын бөлісті. Оқырманмен кері байланыс орнатып, халықтың көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ өмірді өзгертіп, жақсылыққа ұмтылуға мотивация беретін бейнероликтер мен суреттер көрсетілді.

Тренингте дін мен дәстүр ұласқан қазақтың күмбірлеген домбырасымен жаңғыру мен жаңару жолында жігер беретін термелер шырқалды. Шара соңында оқырман қауым «Өміріңді өзгерт, Мұсылманша мотивация» кітабына авторынан қолтаңба алды. Тренингте қатысқан жандарға сертификаттар табысталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру