Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау: РАНТ мүшесі жамағатпен жүздесті

Атырау облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі amin.kz 02.12.2021 1798 0 пікір
Атырау: РАНТ мүшесі жамағатпен жүздесті

РАНТ мүшесі, Ақтөбе қаласының Бас имамы Нұрлыбек Шакизаұлы арнайы іс сапармен Атырау облысында болды.

Іс-сапар барысында РАНТ мүшесі облыстық орталық «Иманғали» мешіті мен қалалық «әт-Тақуа» мешітінде «Жүрек дерттерінен арылудың маңыздылығы» және «Мұсылманның шынайы сипаты» тақырыбында жамағатқа уағыз-насихат айтты.

Сонымен қатар Жылыой ауданы Құлсары қаласында өткен уағызда «Иман мен амалдың исламдағы орны» мен «Жастар тәрбиесі» тақырыбы қамтылды. Одан бөлек РАНТ мүшесі «Иманғали» орталық мешіті жанындағы студияда  діни білім алудың маңыздылығына тоқталып, amin.kz парақшасында тікелей эфирде нәпсі тәрбиесі туралы сұхбат берді.

Нұрлыбек Шакизадаұлы іс-сапар барысында жамағат тарапынан қойылған діни сауалдарға тұщымды жауап берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру