Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау: Әйелдер арасында волейбол турнирі өтті

Атырау облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі amin.kz 30.11.2021 1920 0 пікір
Атырау: Әйелдер арасында волейбол турнирі өтті

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Атырауда әйел жамағаты арасында волейбол турнирі өтті.

Спорттық шараны ҚМДБ Әйел-қыздар секторының Атырау облысындағы өкілдігі ұйымдастырды. Турнирдің ашылуына Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы арнайы қатысып, денсаулық – Алланың адамға берген аманаты екенін атап өтті.

«Қазақта «Жаны саудың – тәні сау» деген керемет сөз бар. Денсаулық – үлкен нығмет. Адам сергек жүрсе, рухани қуаты да мол болады. Мұндай шаралар жамағат арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді» деп атап өтті Алтынбек Ұтысханұлы.

Турнир қорытындысы бойынша бірінші орын «Хикмет» командасына бұйырды. Екінші және үшінші орындар «Дін-бауырлар» мен «ән-Ниса» командаларына бұйырды. Жеңімпаз командаларға кубоктар, медальдар және қаржылай сертификаттар табысталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру