Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркістан: Имамдар есеп берді

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 23.11.2021 939 0 пікір
Түркістан: Имамдар есеп берді

Түркістан облысында тың жоба жүзеге асты. Алғаш рет ауыл, кент имамдары жылдық есепті жеке-жеке тапсырды.

Есеп үлгісі ҚМДБ 7 бағытына негізделіп, имамдарға түгел таратылды. Облыс имамы Еркебұлан Қарақұлов, облыстық мешіттің наиб имамы Самат Анарбаев, іс-басқарушысы Мұхаммеджан Естеміров күніне екі ауданға барып, есеп қабылдады.

Әрқайсысына 15 тапсырмадан берілді. Аудан имамдары жылды облыстық төралқа мәжілісінде қорытындылайды. Жаңа бастама ауыл имамдарының дін қызметіне жауапкершілігін күшейтіп, белсенділігін арттырады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі