Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Дендросаябаққа ағаш отырғызылды

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 23.11.2021 2317 0 пікір
Шымкент: Дендросаябаққа ағаш отырғызылды

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында Шымкент қаласындағы Асанбай Асқаров атындағы дендрологиялық саябақта «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» ағаш отырғызу шарасы өтті.

Игі бастама Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахмановтың ұсынысымен, Шымкент қаласы әкімдігі мен қалалық Асанбай Асқаров атындағы дендрологиялық саябақ басшылығы тарапынан қолдау тауып,  қалаға қарасты 89 мешіттің имамы, ҚМДБ Жастар ісі секторы, «Зекет және қайырымдылық» қорының қаладағы өкілдері мен ерікті азаматтар қатысып, ағаш отырғызды.

Айта кетсек, биыл Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен Асанбай Асқаров атындағы дендрологиялық саябақта «Шымкент қаласы имамдарының аллеясы» ашылған болатын. Аллея аумағына түрлі сұрыпты ағаштар отырғызылып, тұрақты тазалық шаралары өткізіліп келеді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру