Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Азан жарысы ұйымдастырылды

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 22.11.2021 524 0 пікір
Ақтөбе: Азан жарысы ұйымдастырылды

Ақтөбе облысы Ембі қалалық «Нұр» мешітінде жамағат арасында азан жарысы өтіп, оған 9 шәкірт қатысты.

Ембі қалалық «Нұр» мешітінің имамы Нұрсұлтан Тұрсынқұлов: «Азанды күнде еститініміз рас. Кейде жай әуезді әуен екен деп қабылдаймыз. Кейде мән бермейміз. Ол Иманның әсілін, Исламның болмысын қамтиды, яғни құдірет те, күш те, басқару да, билік те, әр бір істің тағдыры қамтуында болған Алланы бүкіл нәрселерден ұлықтайды. Сол арқылы адамдарды тек Аллаға құлшылық қылуға, Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) соңынан ілесуге шақырады. Азаншы әрбір кісіні намазға, бақытқа бастар жолға яғни сені Аллаға жолықтырар сәтке шақырады. Біле білсек, азан Аллаға ұнайтын сөздің ең сүйкімдісі екенін ұмытпауымыз керек. Осы мақсатта ұлықтау негізінде бүгінгі шараны ұйымдастырдық» деп жарыстың маңыздылығын атап өтті.

Әділқазылардың бағалауы бойынша қорытынды есепте бас жүлдені Аслан Таңатар иеленді. Одан өзге І, ІІ, ІІІ орынмен озық деген азаншылар марапатталды.

Жеңіспаздарға қасиетті Құран Кәрім және діни кітаптар, сапалы мәсі мен сапарға арналып былғарыдан тігілген жайнамаздар табысталды.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі