Биыл – еліміздің Тәуелсіздік алғанына 30 жыл. Атаулы мерекеге орай ҚМДБ Қостанай облыстық өкілдігінің мұрындық болуымен Әулиекөл ауданында ұлттық ат спорты көкпар сайысы ұйымдастырылды.
Көкпар десе делебесі қозбайтын қазақ бар ма? Жарыстың өтетінін естіген жергілікті бауырлар көп жиналды. Жарысқа өңір бойынша алпыстан астам шабандоз қатысып, бақ сынады.
Жарыстың басы-қасында кезінде КСРО-ның бірнеше дүркін чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, марқұм Ораз Сейдахметовтың ұлы, есімі елімізге танымал шабандоз Асан Бақдаулет болып, жарыстың жоғары деңгейінде өтуіне ықпал етті.
Жарыс болған жерде жеңімпаз да жарқырап көрінетіні белгілі. Өзін нағыз спорттық бабында екенін көрсеткен шабандоздарға салтанатты түрде қаржылай сыйлық тапсырылды.
Айта кетейік, жарысқа Әулиекөл ауданының әкімі Ерлан Теменов, «Әмит ишан» мешітінің бас имамы Нұрлан Сыздықов және Құсмұрын елдімекенінің жамағаттары қаржылай көмек берді. Азаматтарға Алла разы болсын!



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қостанай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
akmechet.kz
09.11.2021
2976
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру