Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Оқу корпусының құрылысымен танысты

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 03.11.2021 2827 0 пікір
Ақтөбе: Оқу корпусының құрылысымен танысты

Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан Еншібайұлы Оңтүстік Батыс ықшам ауданында бой көтеріп жатқан 250 баланы қамтитын «5 парыз» композициялы ислам орталығының (жаңа оқу корпусының) құрылысымен танысты. 

Нысан алаңындағы қызу жұмысты «Ақтөбе» медресе-коллежджінің директоры Әбдімүтәлі Қайназарұлы, құрылыс жұмыс тобының басшысы Нұржан Бесейдаров бас имаммен бірге бақылады. Өз кезегінде облыстың бас имамы бүгінгі дейінгі атқарылған жұмыстарға шолу жасап, жаңа оқу корпусының құрылысына қатысты ойымен бөлісті.

Жұмыс тобында 7 техника жұмылдырып, 20 адам жұмыс істеуде. Еске сала кетейік, Алға ауданының Бестамақ ауылындағы «Ақтөбе» медресе-колледжі толығымен қыздар медресіне арналып, ал ер балалар Оңтүстік Батыс ықшам ауданында бой көтеріп жатқан композициялы «Ақтөбе» медресе-колледжіне (жаңа оқу корпусына) ауысады.

Күн тәртібіндегі кестеге сәйкес, медресе-колледждің жаңа корпусы 2023 жылдың күзіне дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Одан кейін «Бес парыз» Батыс Қазақстандағы ислам академиясының құрылысы жалғасын табады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру