Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Теміртауда ерекше жәрмеңке ұйымдастырылды

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі ihsan.kz 01.11.2021 2213 0 пікір
Теміртауда ерекше жәрмеңке ұйымдастырылды

Қарағанды облысы Теміртау қаласының «Әлихан Бөкейхан» орталық мешітінде әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.

Қасиетті жұма күні жүзеге асқан іс-шара барысында әйел жамағаты мен қайырымды жандардың өз қолдарымен пісірілген түрлі тағам түрлері, тәттілер, сондай-ақ түрлі қолөнер бұйымдары сатылды.

Жұма намазына келген жамағат игі шараға белсенді түрде атсалысып, садақаларын беріп, ұйымдастырушыларға қолдау білдірді.

Айта кетейік, аталмыш жәрмеңкеден түскен 200 000 (екі жүз мың теңге) толығымен Асқар Али Ерболұлының ата-анасына аударылып, кішкентай бауырымыздың еміне жұмсалады.

«Жамағат жәрдемінің арқасында бір адамның мұқтаждығының өтелуі – сауапты әрі хайырлы іс. Осындай ізгі шаралар арқылы адамдар арасында мейірімділік артады. Алдағы уақытта да осындай қайырымдылық шаралары жүйелі түрде өткізіліп тұратын болады» деді Теміртау қаласының бас имамы Естай Айтуғанұлы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру