Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Орал: Театрдың қатысуымен Мәуліт кеші өтті

БҚО өкілдігінің баспасөз қызметі 28.10.2021 643 0 пікір
Орал: Театрдың қатысуымен Мәуліт кеші өтті

ҚМДБ Батыс Қазақстан облыстық өкілдігінің бастамасымен Орал қаласында «Өнер қырандары» театрының Мәуліт мерекесіне арналған рухани кеші өтті.

«Өнер қырандары» театры осы жобасы арқылы Мәуліт айында асыл дініміз Исламның рухани құндылықтарын, халқымыздың салт-дәстүрін насихаттап, жастарды отансүйгіштікке, имандылыққа тәрбиелеп келеді.

Рухани шарада Батыс Қазақстан облысының бас имамы Бақытжан Сабралиев жиналған қауымды Мәуліт айымен құттықтап, «Өнер қырандары» ұжымына сәттілік тіледі. «Дана халқымыз айтқандай «Шеберді шебер дегенше, Алланы шебер десеңші» демекші, Алланың берген таланттарымен өнердің шыңынан көріңіздер» деді бас имам. Одан ары Орал орталық мешітінің наиб имамы Мейрамбек Абдрахманов Мәуліт жырын оқыды.

Ғибратты шара барысында театрланған көріністер көрсетіліп, иләһи әндер айтылып, жамағат көңіліне қуаныш сезімін ұялатты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі