Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскемен: Ақсақалдарға Ихсан кітабын сыйлады

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 28.10.2021 606 0 пікір
Өскемен: Ақсақалдарға Ихсан кітабын сыйлады

Мәуліт айының құрметіне орай ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі игі шара өткізді. Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде ақсақалдарға «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабы таратылды.

Қариялармен басқосуда Өскемен аймағының бас имамы Ермек Қасболатұлы: «Қариялар – біздің қазынамыз. Сіздердің қоғамға сіңірген еселі еңбектеріңіз ел жадында. Ардақты Пайғамбармыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қарияларды құрметтеу туралы көптеген хадистер қалдырған. Біз сіздерге мүмкіндігінше құрмет көрсетіп, хал-жағдайларыңызды сұрап тұруға тырысамыз. Қарияларға құрмет көрсету – ұлағатты ұрпақтың парызы» деп атап өтті.

Сонымен қатар бас имам Ихсан ілімі жайлы кең көлемде баяндай келе рухани тәрбиенің қоғамдағы рөліне тоқталды. Жиында қариялар да өз ұсыныс-пікірін білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі