Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Бас имам Сайын Назарбекпен жүздесті

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 26.10.2021 509 0 пікір
Маңғыстау: Бас имам Сайын Назарбекпен жүздесті

Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар және Сәулетшілер одақтарының мүшесі, белгілі драматург, жазушы, көрнекті қоғам қайраткері Сайын Назарбекұлының шаңырағында болды.

Әнуар Ізімбайұлы мен Сайын Назарбекұлы руханият төңірегінде, атап айтқанда дін мен дәстүр, тіл, өлке тарихы туралы сыр шертіп, сүбелі сұхбат құрды. Бас имам ҚМДБ Маңғыстау өкілдігінің жұмыс бағыттарын тілге тиек етіп: «Қазіргі таңда салт-дәстүрімізбен тығыз байланысты Ихсан іліміне ерекше көңіл бөлініп жатыр», – дей келе абыз ақсақалға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен жуырда ғана жарық көрген «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабын табыс етіп, қаламгерге ыстық ықылас тілегін жеткізді.

Өз кезегінде Сайын Назарбекұлы: «Қазіргі уақытта тіл мәселесіне көп көңіл бөліп жүрмін. Соңғы шыққан еңбегім «Ұлт анасы – қазақ тілі» деп аталады. Тілімізге ерекше мән беріп, ұрпағымыздың ана тілінде сөйлеуіне үлес қосқым келеді. Бар арманым – осы. Осы арманымның жолында қызмет етіп келемін», – деді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі