Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодар: Тоғызқұмалақ турнирі өтті

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі mazhab.kz 26.10.2021 380 0 пікір
Павлодар: Тоғызқұмалақ турнирі өтті

Павлодар қалалық «Бижан» мешітінің ұйымдастыруымен тоғызқұмалақ ұлттық спорт ойыны бойынша қалалық турнир өтті. Сайысқа Павлодар қаласындағы орта мектептерде оқитын 20 жұп шәкірт қатысып, бақ сынады.

Сайыс өз ережесіне сай айналыммен өткізілді. Нәтижесінде Аяна Темірболатова бас жүлдені қанжығасына байласа, Салахаддин Агитаев, Аяжан Егінбай, Сұлтан Смағұлов жүлделі 1, 2, 3 орындарды иеленіп, марапат хат, ақшалай сый-сияпаттарға ие болды. Сайысқа  қатысқан барлық оқушыларға алғыс хат, сыйлықтар табысталды.

«Бижан» мешітінің бас имамы Әбдісамат Сагинов: «ҚМДБ іс-қызметтерінің «Дін және дәстүр» бағыты аясында бабаларымыздан қалған аса үлкен рухани мұра – тоғызқұмалақ ұлттық ойынын ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы, облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің 20 жылдығына орай ұйымдастырдық. Сайысты ұйымдастыруда тоғызқұмалақ спортының халықаралық дәрежедегі бапкері, ұлттық дәрежедегі төреші Жанат Сембайұлы, қалалық мәдениет бөлімінің сектор меңгерушісі Мейрам Төлегенұлы үлкен жәрдем  жасады. Алдағы уақытта тоғызқұмалақ ойынын мешіт жамағаты арасына насихаттауға және жамағат арасына қызықты сайыстар ұйымдастырмақ ойымыз бар», – деді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі