Рудный қалалық «Нұр» мешітінде «Ихсан – рухани кемелдену жолы» атты басқосу өтті.
Басқосуда Ихсан ілімі жайлы жан-жақты мағлұмат беріліп, хәкім Абайдың Кемел адам концепциясы да насихатталды. Жиналған жамағатқа толық адам болуға үндеген Абай мұрасын рухани көзқарас тұрғысынан түсінуге зор мүмкіндік берілді.
Бас имам Бектұрсын Торғайбайұлы: «Біз Абай мұрасын таныған сайын рухымыз байып, жан-дүниеміз Ислам құндылықтарынан сусындай түседі. «Үш-ақ нәрсе – адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» деп ұлы ақын саналы жанға тағылымды да асыл қасиеттерді терең ұғындырады» деді.
Басқосуда осындай рухани тәлімді жайлар айтылды. Жиналғандар болашақта өзіне бағыт-бағдар болар құнды пікірлерді көңілге түйді.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қостанай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
akmechet.kz
26.10.2021
2373
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру