Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Сығанақ қалашығына зиярат жасады

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 26.10.2021 2041 0 пікір
Қызылорда: Сығанақ қалашығына зиярат жасады

ҚМДБ Жастар ісі секторы Қызылорда облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері және мешіт жамағаты Жаңақорған ауданындағы Сығанақ қалашығына зиярат жасады.

Іс-шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және ҚМДБ «Дархан дала» жобасы аясында ұйымдастырылды. Аталған тарихи орында қазба жұмыстарын жүргізіп жатқан Қожа Ахмет Ясауи университетінің археолог мамандары қалашықтың тарихын және қазіргі таңдағы жұмыстар легін таныстырды.

Сонымен қатар, «Сығанақ қаласының тарихы» тақырыбында интеллектуалдық квест өткізіліп, қатысушылар жүлделі орындармен марапатталды.

Айта кетсек, отандық туризмді дамытуға үлес қосу мақсатында Бас мүфтидің бастамасымен биыл «Darhan Dala» жобасы іске қосылған болатын. Жоба мақсаты – халық арасында дін мен дәстүрімізге сай киелі орындарды зиярат ету мәдениетін қалыптастыру, жұртшылыққа шариғат әдебін сақтауды үйрету, тарихи, киелі орындарға тур ұйымдастыру.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру