Талдықорған өңірінің имамдары және спорт басқармасының ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесіне орай дзюдо күресінен 2008-2009, 2010-2012 жылы дүниеге келген жасөспірімдер арасында облыстық турнир өтті.
Өңірдің наиб имамы Керімбек Дәуітов турнирдің ашылуында алғашқы болып сөз алып, спортшы өрендерге насихат айтып, баршасына сәттілік тіледі. Сонымен қатар спорт саласының бірқатар майталмандары жас балуандарға ақ жол тілеп, баталарын берді.
Әртүрлі салмақ дәрежесінде сынға түскен жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен мараптталды. Дін мен дәстүрімізді дәріптеу мақсатында турнир аясында арқан тартыс пен қол күрестен де жарыс ұйымдастырылды.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру