Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Сыр өңірінің бас имамы студенттермен жүздесті

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 21.10.2021 2037 0 пікір
Сыр өңірінің бас имамы студенттермен жүздесті

Сыр өңірінің бас имамы Болатбек Абуов Алматыдағы Нұр-Мүбарак университетінің студенттерімен кездесті.

Өз кезегінде Болатбек Ұласқанұлы  шәкірттермен танысып, жағдайларын біліп, білім алудың артықшылығы, уақытты тиімді пайдалану тақырыбында: дінге қызмет етудің өзектілігі, қоғам үшін пайдасы мен имамдық қызметтің жауапкершілігін баса айтты. Шәкірттер де ағалық ақылды ұйып тыңдап, еркін сұхбат өрбіді.

Қызылордалық студенттермен байланысқа жауапты төрағасы болып аталмыш университетің 3-курс студенті Насреддин Мүслімұлы тағайындалды.

Сондай-ақ, кездесуге «Нұр Мүбарак» университетінің түлегі, Қызылорда қалалық «Айтбай» мешітінің бас имамы Дастан Құрманбаев та қатысты.

Кездесу соңында Б.Ұласқанұлы Қызылорда облысының діни ахуалына, жұмыстар легіне тоқталып, Қызылорда облысы әкімдігінің дін саласына қамқорлығы, болашақ мамандарды қолдайтыны турасында атап өтті.

Бас имам осындай форматтағы кездесулер ұйымдастыруды, өңір шәкірттерін қолдауды, сұхбаттар өткізуді жыл сайын күн тәртібінен түсірген емес. Биыл да осы үрдіс жалғасын тауып, еркін, келелі жүздесуден соң студенттер жылулық пен қамқорлықты сезініп бір серпіліп қалды.

Айта кетейік, қазіргі таңда Қызылорда облысынан 110 студент «Нұр Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінде ілім алуда.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру