Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодар: Абай атындағы мешіт ашылды

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі mazhab.kz 21.10.2021 1995 0 пікір
Павлодар: Абай атындағы мешіт ашылды

Павлодар облысы Ертіс ауданыгның Голубовка ауылында Рухани келісім күніне орай күні екі бірдей құлшылық орны қатар ашылды.

Бірі православиялық шіркеу болса, екіншісі хакім Абай атамыздың атымен аталатын «Абай» мешіті. Құлшылық орындарының ашылуына облыс бас имамы Жолдас Бертымұратов, облыстық Дін істері басқармасының басшысы Дәулет Закариянов, Павлодар және Екібастұз эпархиясының басшысы Эпископ Варнава, Ертіс ауданының әкімі Аян Бейсекин және тұрғындар қатысты.

«Абай» мешітінің ашылуында облыс бас имамы Жолдас Қоспақұлы:

«Ислам діні мемлекетте, қоғамда тыныштық, әділдік болуын көздейді. Адамды соған тәрбиелейді. Олай болса, біз таза діни істерден өзге осындай ұлы мұраттарды да нысана етуіміз керек. Өйткені адам баласы қайырлы да ізгі амалдарымен ғана Жаратушыға жақындайды. Қасиетті Құранда: «Бір-бірлеріңе ізгі істерде, тақуалықта көмектесіңдер. Күнә жасауға, дұшпандыққа жәрдемші болмаңдар...» делінген. («Мәида» сүресі, 2-аят). Рухани келісім, ұлттар мен дәстүрлі діндер арасындағы бірлік – баға жетпес байлығымыз, ал тұрақтылық – тұғырымыз. Бүгінгі берекелі күнге бірліктің арқасында жеттік. Елдің әлеуметтік-экомикалық көрсеткіші халықтардың өзара татулығы негізінде дами түсетіні түсінікті. Ел басқарған парасатты басшылар қашан да бірлік пен татулыққа аса мән берген.

Алла Тағала халқымыздың бірлігі мен берекесін арттырып, тәуелсіздігімізді баянды еткей! Тілегіміз қабыл, мұратымыз асыл болғай!» деді.

Салтанатты шараға қатысқан барлық ресми өкілдер кезегімен сөз алып, халықты береке-бірлікке шақырса, ауыл ақсақалдары ақбатасын беріп, ақжаулықты аналар шашу шашып, ізгі ниеттерін білдірді.

Батыс елдерінің сәулет үлгісімен салынған «Абай» мешітінің сыйымдылығы 50 адамға арналған. Мешіт құрылысын салып халыққа тарту еткен кәсіпкер, Голубовка аулындағы «Абай» ААҚ директоры – Николай Миллер.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру