Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Теміртау қаласында «Адамзаттың абзалы» рухани кеші өтті

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі ihsan.kz 18.10.2021 511 0 пікір
Теміртау қаласында «Адамзаттың абзалы» рухани кеші өтті

Қарағанды облысы Теміртау қаласы Әлихан Бөкейхан атындағы орталық мешітінің ұйымдастыруымен «Адамзаттың абзалы» рухани Мәуліт кеші өтті.

Рухани іс-шара шымылдығын наиб имам Асхат Нұртайұлы қасиетті Құран аяттарымен ашты.

Алғы сөзді алған Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ Қазкенұлы Мәуліт айының келуімен қала тұрғындарын құттықтап, Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегелі өмірі жайлы уағыз айтты. Осыдан кейін жергілікті ақсақалдар алқасының төрағасы Шынуар Серікбайұлы құттықтау сөз сөйледі.

Алланың берген ақындық қабілетін имандылықпен байланыстырған Әсет және Мұқағали сынды дәстүрлі әншілер терме орындаса, «Бала қажы» мешітінің наиб имамы Сұлтан Аманжолов пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) құрметіне Мәуліт оқыды.

«Әл-Машани» мешітінің бас имамы Қошкелді Жанболаттың уағызынан кейін, көрермендерге арналып викториналық сұрақтар қойылып, екі дүние сұлтанының (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ғұмырына қатысты сауалдарға жауап берген жамағатқа арнайы сыйлықтар берілді.

Шарапатты мәуліт мерекесіне келген жұртшылық ерекше әсерге бөленіп, өздерінің толқыныстарын жасыра алмады.

Кеш соңында Теміртау қаласының бас имамы Естай Айтуғанұлы ұйымдастырушылар мен кеш қонақтарына алғысын білдіріп, рахметін айтты.

Бұдан бөлек мешіттің іс басқарушысы Бағдат Есіркепұлының және шаруашылық меңгерушісі Нұржан Тоқтарбайұлының еңбектері еленіп, шипажайға жолдама берілді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі