Қазан айының 12-13 күндері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен киелі Түркістан шаһарында өткен Х Республикалық Құран байқауының жүлдегері Ерболат Шаудырбайды «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұжымы құрметпен қарсы алды.
Іріктеу жарысынан суырылып шыққан 74 қари республикалық байқауға бақ сынаса, «Әзірет Сұлтан» мешітінің азаншысы Ерболат Шаудырбай мәнерлеп оқу бойынша қатысып, жүлделі ІІ орынға ие болды.
Республикалық Құран байқауында елорда намысын қорғап, абыройын асқақтатқан жас қариды кеше Нұр-Сұлтан әуежайында бас мешіт ұжымы құрметпен қарсы алды. Дін қызметкерлері жүлдегер әріптестеріне құттықтау лебіздерін білдіріп, қазақы дәстүрге сай иығына шапан жапты.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
muslim.kz
15.10.2021
3337
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру