Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды имамдарына Ихсан кітабы таныстырылды

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі ihsan.kz 13.10.2021 1938 0 пікір
Қарағанды имамдарына Ихсан кітабы таныстырылды

​ Қарағанды облысына қарасты қала және аудан имамдарының кеңейтілген жиынында «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабының танытымы өтті.

«Ихсан – рухани тәрбие негізі» – ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен жарық көрген еңбек. Бұл туындыда «Жаратушы Аллаға ихсан», «Тұлғалық ихсан» және «Ихсан және қоғам» атты үш негізгі бөлім бар. Алғашқы бөлімінде Алланы тану, Алла Тағалаға махаббат, Құранға деген махаббат, Пайғамбарға деген махаббат және өзге де тақырыптар төңірегінде толымды түсінік беріледі. Кітаптың екінші бөлімінде нәпсі тәрбиесі, рух тазалығы, тіл тазалығы, өмірдің қадірі сынды мәселелер бойынша тұщымды мәліметтер болса, үшінші бөлімінде адамдардың ақысы, қарым-қатынас әдебі, еңбек ету және жаман әдеттерден сақтану сынды мұсылман адамның өміріне қатысты ұстанымдар туралы ой өрбиді.

Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ Қазкенұлы бұл еңбектің маңыздылығын атап өтіп, оны ғасырлар бойы ата-бабамыз ұстанып, салт-дәстүрімен сабақтастыра білген рухани-тәрбие жолының жаңғыруына негіз болатын бірден-бір құрал деп атады.

Бұдан бөлек, облыс бас имамы бұл кітапта көрсетілген мәліметтерді күнделікті уағыз-насихат жұмысында пайдалану бойынша имамдарға бірқатар тапсырмалар берді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру