Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: «Оспан батыр» мешіті ашылды

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 12.10.2021 2756 0 пікір
ШҚО: «Оспан батыр» мешіті ашылды

Мәуліт айында Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының орталығында жаңа мешіт ашылып, еліміздегі діни құлшылық ордаларының қатары тағы бір мешітпен толықты.

Мешітке қазақтың әйгілі батыры, дін үшін күрескен, Шығыс Түркістанда ту көтеріп, сарбаз бастап жанын пида еткен Оспан батырдың есімі берілді.

Жаңа мешіттің ашылу салтанатына ҚМДБ Өскемен аймағының бас имамы Ермек Қасболатұлы, елордадан жазушы Жәди Шәкенұлы, Глубокое ауданы әкімі аппаратынан басшылар және ақсақалдар, жамағат қатысты.

«Мәуліт айында Алтай баурайында жаңа мешіт ел игілігіне беріліп отыр. Бұл құлшылық ордасына дін үшін күрескен Оспан батыр Исламұлының аты берілуінің өзі үлкен ғанибет. Мешітіміз жамағатқа толы болсын. Мешіт салған азаматтарға Ұлы Алла Тағаланың разылғы болсын» деді Ермек Қасболатұлы.

Салтанатты шарада Құран оқылып, еліміздің амандығын тілеп, дұға жасалды. Жаңа мешітте жамағаттың құлшылық жасауына барлық мүмкіндіктер қарастырылған.

Мешітті ашу рәсімінде шашу шашылып, ақсақалдар сөз алып, мешіт тұрғызған азаматтарға алғыс білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру