Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Талдықорған: Зекет өкілдері жүздесті

Талдықорған өңірі өкілдігінің баспасөз қызметі 11.10.2021 403 0 пікір
Талдықорған: Зекет өкілдері жүздесті

Талдықорған қаласындағы «Иман» мешітінде ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйытқы болуымен қордың аудандардағы жауапты өкілдерімен жиын өтті.

Жиында ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Талғат Омаровтың тапсырмасы талқыланып, жауапты имамдар тәжірибе алмасты.

Талдықорған өңірінің бас имамы Алмас Данағұлов зекетке жауапты аудан имамдарына тапсырма беріп, имамдардың ісіне табыс тіледі. Сондай-ақ басқосуда Ескелді ауданының бас имамы Ордыбай Мұхаммед зекеттің маңыздылығы жөнінде уағыз-насихат айтты.

Отырыс соңында бұған дейін атқарған еңбегі үшін мешітінде ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Қаратал ауданындағы өкілі Қанат Егізов, Жаркент ауданындағы өкілі Ұлан Сарпеков, Ақсу ауданының бас имамы Анарбай Тасболатұлы, қалалық «Ақмешіт» мешітінің бас имамы  Болат Сағынғалиұлы алғыс хатпен марапатталды.

Жиын соңында «Иман» мешітінде Құран жаттап жатқан қариларға 20 қап картоп таратылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі