Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Жұмысты жүйелеуге арналған жиын

Қостанай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 07.10.2021 2469 0 пікір
Қостанай: Жұмысты жүйелеуге арналған жиын

Қостанай облыстық мешітінде қалалар мен аудандардың бас имамдарына арналған жиын өтті.

Басқосуда Құран, ақида және фиқһ ілімдері бойынша дәрістер ұйымдастырылды. Облыстың бас имамы Бахытбек Нұрғабылұлы мен наиб имамдар Дархан Сыздықов, Тимур Төребаев алдағы уақытта болатын имамдар аттестациясына даярлық жайын пысықтады. Қанат Орынтайұлы құжаттар, қызметтік тапсырмалар мен заң саласындағы кейбір жайттар бойынша кеңес берді.

Сонымен қатар алған діни білімін күнделікті қызмет барысында ұтымды пайдалану, жұртшылыққа дұрыс жеткізу, түсіндіру, насихаттау хақында өз ойын ортаға салды.

Мұндай жиындар алдағы уақытта да өткізіліп, өңірдегі имамдардың діни сауатын тиісті деңгейге көтеруге ықпалын тигізетіні даусыз.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру