Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Жылыой ауданына жұмыс сапарымен болды.
Бас имам орталық мешіттің жергілікті дін мамандарымен және мешіт жамағатымен кездесті. Дін мамандарымен кездесу барысында Бас имам мүфтият бекіткен жеті негізгі жұмыс бағыты бойынша атқарылып жатқан шараларды пысықтап, Ихсан ілімін дәріптеу, жат ағыммен күрес, қайырымдылық бағытындағы жұмыстарды күшейту туралы тапсырмалар берді.
«Ихсан ілімі – кемел мұсылманның бейнесін насихаттайтын мектеп. Біз қоғамды білім алуға, ғылым жолында ізденуге, өз ісінің шеберіне айналып, елдің дамуына үлес қосумен бірге, адамгершілік, имандылық қасиеттерін шыңдауға үндеуіміз қажет. Еліміздің өркендеуі, дамуы қоғамның барлық мүшесіне тікелей байланысты» деді Алтынбек Ұтысханұлы.
Сондай-ақ бас имам Жылыой орталық мешітінде жергілікті мешіт жамағатымен кездесіп, Ихсан ілімі, жүрек тазалығы туралы насихат айтты.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Атырау облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
amin.kz
07.10.2021
2494
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру