Бүгін Орал орталық мешітінде ҚМДБ Батыс Қазақстан облыстық өкілдігі мен облыстық Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен діни бірлестіктер басшыларының клуб отырысы өтті.
Отырыстың мақсаты – конфессияаралық байланысты нығайтып, өңіріміздегі дін өкілдерінің бірі-бірімен жақын танысуына мүмкіндік беру.
Алдымен облыстық дін істері басқармасының басшысы Мақсат Раманқұлов сөз алып, дін басшыларын таныстырып, клуб отырысына сәттілік тіледі.
БҚО бас имамы Бақытжан Құралбайұлы «Ислам діні» жайында ғиратты уағыз айтып, бірлесе еңбек етуге шақырса, Орал орталық мешітінің наиб имамы Мейрамбек Абдрахманов слайд арқылы асыл дініміз бен мешіттің тарихын кеңінен баяндап, толық ақпарат жеткізді.
Одан кейін діни бірлестіктің басшылары сөз алып, бүгінгі отырыстың маңыздығына тоқталып, өзара пікір алмасып, сауалдар қойып, бір серпіліп қалғандарын жеткізді.








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі
islam-oral.kz
06.10.2021
2735
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру