ҚМДБ Қарағанды облыстық өкілдігінің ұйытқы болуымен дін қызметкерлеріне арналған біліктілікті арттыру семинары өтті.
Теміртау қаласында өткен іс-шараға ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы, Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ Қазкенұлы және өңірге қарасты қала, аудан имамдары қатысты.
Алдымен Өмірзақ Қазкенұлы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен имамдардың кәсіби біліктілігін дамытуға ерекше көңіл бөлініп жатқанын тілге тиек етіп, семинар қатысушыларына сәттілік тіледі.
Өз кезегінде РАНТ мүшесі, елімізге танымал ұстаз Сансызбай Құрбанұлы имамдарға «Усулул фиқһ» кітабынан дәріс оқып, үкім шығарудың дереккөздері саналатын Құран, сүннет, ижмағ және қияс ұғымдарын кеңінен ашып түсіндіріп өтті.
Іс-шара соңында жергілікті имамдар семинарды ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі
ihsan.kz
06.10.2021
3240
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру