Семей өңірінің имамдары ақсақалдар мен ақ жаулықты аналарға құрмет көрсетті.
Имамдар қарияларға арнап дастарқан жайып, үлкендердің ақ батасын мен ризашылығын алды. Шара барасында өңірдің бас имамы Асқар Әбітайұлы асыл қазыналарымызға денсаулықтары мықты, ауру-сырқаттан аулақ болуын тілеп, уағыз-насихат айтты.
Жүздесу соңында карантин уақытында дүниеден өткен қарттарға және асқа себепкер болған анамыз Бибісара Әбдіжаппар қызының рухына Құран хатым оқылып, сауабы бағышталды.
Сонымен қатар қала, аудан, ауыл имамдары да мерекелі күнде қарттарды назардан тыс қалдырмай, сый-құрмет көрсетті.








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Абай Құнанбайұлы атындағы Семей орталық мешітінің баспасөз қызметі
alashdin.kz
05.10.2021
2923
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру