ҚМДБ Әйел-қыздар секторының ұйытқы болуымен Шымкент қалалық орталық мешітінде «Дін мен дәстүр – егіз ұғым» танымдық рухани семинары өтті.
Семинар Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының құттықтау сөзімен ашылды. ҚМДБ Әйел-қыздар секторының Шымкент қаласындағы жетекшісі Балжан Досжанова «Әдет-ғұрыптың діндегі орны» тақырыбы бойынша баяндама оқып, өз тәжірибесін бөлісті.
Сондай-ақ қалалық «Әжелер» мектебінің мүшелері Кенжеайым Асанқызы, Әлия Нұрқаламқызы, Гүлзина Шеріметова, Аяжан Әбдісамат т.б. апаларымыз қатысып, ой-пікірін ортаға салды.
Семинар барысында ұлттық қолөнер, жеті ата, перзент тәрбиесі т.б. өзекті тақырыптар көтерілді. Жиын барысында Балжан Досжанова Әйел-қыздар секторының алдағы уақытта атқаратын жұмыс жоспарын таныстырды.








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі
iman.kz
05.10.2021
2804
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру