Атырау облысы Жылыой аудандық орталық мешітінде «Халал Дамудың» аймақтық өкілі Қайрат Аманжолұлының жетекшілігімен семинар өтті.
Жылыой ауданы бойынша қоғамдық тамақтану орындарының иелері қатысқан семинарда спикер Қайрат Аманжолұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тамақ өнеркәсібіне қатысты халал стандарттау сертификатының маңызы туралы ақпарат берді.
«Халал сертификаттаудың негізгі мақсаты – тұтынушыға адал ас ұсыну арқылы өнім өндірушілер арасында бәсекеге қабілетті орта қалыптастыру. Халал сертификаты – өндіруші өнімінің бәсекеге қабілеттігін көрсетеді. Мүфтият тарапынан берілетін Халал стандарт сертификаты әлемдік деңгейде жарамды. Сол арқылы бизнес иелеріне дүниежүзілік халал индустриясына жол ашылады» деді аймақтық өкіл.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі
amin.kz
04.10.2021
2320
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру