ҚМДБ Өскемен аймағы бойынша бас имамы Ермек Қасболатұлы өкілдікке қарасты аудандарды аралау жоспары бойынша еліміздің шығыс шекарасы – Шемонаиха ауданында болды.
Бас имам сапар аясында Шемонаиха ауданының әкімі Григорий Акуловпен кездесті. Ермек Қасболатұлы ҚМДБ-ның жеті бағытын дамыту бойынша өңірде атқарылып жатқан іс-шаралар туралы баяндады.
«Шемонаиха ауданында өтетін рухани шараларға, Сіз әр уақыт көмек көрсетіп келесіз. Бұл дінімізге және ұлттық құндылықтарға деген үлкен жанашырлық. Қазіргі уақытта рухани жаңғыру аясында жат ағымдарға қарсы ұлттық құндылықтарды насихаттауға, асыл дініміздің рухани тағылымын танытуға басым назар аударып отырмыз» дей келе, Шемонаиха қаласында салынып жатқан мешіт және қайырымдылық мекемесінің кешенді құрылысына қолдау білдіру қатарлы ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
Кездесу барысында аудан әкімі аудандағы діни ахуал, имамдарды әлеуметтік қолдау туралы айтып өтті.
«Ауданымызда діни ахуал тұрақты. Бұл саладағы мәселелерді мешітпен бірлесіп шешіп келеміз. Басты мақсатымыз еліміздің ішкі тұрақтылығының нығаюына үлес қосу. Дін саласындағы мемлекеттік саясаты нәтижелі жүзеге асыру біздің басты бағытымыз» деді. Г.Акулов.
Әкім аудан көлемінде жүзеге асып жатқан рухани шараларға көңілі толатындығын жеткізді. Ол қайырымдылық мекемесі кешені құрылысының салынуын назарда ұстап, барынша қолдау көрсететіндігін айтты.
Ермек Қасболатұлы аудан басшысына жан жақты қолдауы үшін алғыс білдірді.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
furqan.kz
20.09.2021
2355
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру