ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігіне қарасты «Рахымқызы Раиса Ана» мешіті Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТАРИХЫ» шығармалар байқауын жариялайды.
Байқауға Қазақ халқының өмірі мен салт-дәстүрінен озық дүниелерді жаңғыртып, тарихи, ғылыми, әдеби-мәдени мазмұндағы шығармалар қабылданады. Басты талап – шығарма Ілияс Есенберлиннің «КӨШПЕНДІЛЕР» трилогиясы негізінде жазылуы керек.
Байқауға қатысатын мақалалар kazakh.xandigi.30@mail.ru поштасына 10 қазанға дейін жолдануы тиіс. Сондай-ақ мақала авторының аты-жөні, мекен-жайы, байланыс телефоны қоса жіберілуі тиіс.
Байқаудың шарттары: Шығарма қазақ тілінде, Times New Roman шрифтімен жазылуы шарт. Көлемі 1-2 бет болуы керек.
Қосымша мәліметтерді +77757207510 телефоны арқылы білуге болады.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру