Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде облыс бас имамы Өмірзақ Қазкенұлының бастамасымен діни оңалту бөліміне қатысты жиын өтті.
Жиынға аталмыш бөлімге жауапты аудан және қала имамдары қатысты. Дөңгелек үстел барысында діни оңалту жұмыстарына қатысты әртүрлі мәселелер мен жоспарлар құрылды.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Қарағанды облысында он түзету мекемесі бар. Осы мекемелерде арнайы діни оңалту жұмыстарын жүргізіп, кездесулер ұйымдасыру талқыланды. Сондай-ақ, аталмыш бөлімнің облыс бойынша жауапты өкілі, облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Асылхан Нұртайұлы жиынға қатысушыларға арнайы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, бірнеше жобалар мен жоспарларды талқыға салды.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі
ihsan.kz
10.09.2021
2562
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру