Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Талдықорған: Ауыл жастарымен жүздесті

Талдықорған қаласының орталық «Иман» мешіті taglym.kz 10.09.2021 3154 0 пікір
Талдықорған: Ауыл жастарымен жүздесті

Жат ағымдарға тойтарыс беріп, діни экстремизмнің алдын алуда жастар арасында деструктивтік діни ағымдардың теріс идеологияларына қарсы иммунитиет қалыптастыру үшін Алматы облысы Ескелді ауданы әкімдігі және ҚМДБ Талдықорған өңірінің Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен жоспарлы түрде 9 елдімекенде тұрғындармен, жастармен санитарлық нормаларды сақтай отырып, кездесулер өтті.

Шараның мақсаты – өскелең ұрпақты бұлыңғыр болашаққа бастайтын дәстүрімізді жоққа шығаратын, жат идеяны насихаттайтын ағымдардан сақтау. 

Кездсулерге ауданның бас имамы Мұхаммет Ордыбай, Алматы облысы дін істері басқармасының мамандары Ақжол Асанов, Мағжан Сәрсенбайұлы, Ескелді аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы Дүйсен Бөкейұлы қатысты.

«Қазақтың кемел ұстазы атанған Хакім Абай «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деген. Осы сөздерге ойшыл Шәкәрім «Шын таза жан тазалықпен, Тәңірісіне бармақ ол» деп қуаттайды. Сан ғасыр бойы ата-баба мұра қылып қалдырған байтақ даламызда салтанат құрып келе жатқан Ислам дініміздің құндылығы біз үшін жоғары екені сөзсіз. «Алланы бір, Пайғамбарды хақ, Құранды шын» деп таныған ата-бабаларымыздың аманатына адалдық таныту – бүгінгінің негізгі міндеті. Алайда осындай қадір-қасиетті түсінбей, елдің ішін бүлдіріп, әр жерден естігін нәрселерін дінге жаңалық қылып әкеліп, бүлік шығарып жатқандарда жоқ емес» деп түйіндеген ұйымдастырушылар тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Қатысушы жастар тарапынан да жылы лебіздер айтылып, осындай игі шаралар болашақта жалғасатынына сенім білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру