Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскемен: Бақылау шаралары басталды

halaldamu.kz 09.09.2021 3166 0 пікір
Өскемен: Бақылау шаралары басталды

«Халал Даму» мамандары тарапынан жүргізілетін облыстық ревизорлық бақылау шаралары Өскемен қаласында жалғасуда. Ветеринарлық санитария ісінің маманы, технолог Данияр Сафиевтің шығыс өңірге бағытталған іс-сапары барысында «Өскемен май» зауыты, «Өскемен құс фабрикасы», «Milano cakes» кондитерлік өндірісі, «Magnum» сауда желілері тексерілді. Бақылау-қадағалау шараларына жергілікті инспектор-контролер Үмбет Досжан да қатысты.

«Таза, пайдалы, әрі сапалы тамақ өнімдерін  өндіру – халықтың қажеттілігін қанағаттандырудағы экономиканың негізі құраушы элементтерінің бірі. Сондықтан тамақ өндірісі мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін мен сұранысын  қамтамасыз етуі тиіс. Осы ретте халал азық-түлік өнімдердің алар орны маңызды. Себебі «халал» таңбасы өнімнің шариғатқа сай адал, адам денсаулығына зиянсыз, таза екенін білдіреді. Бүгінгі бақылау-қадағалаудан өткен кәсіпорындар да осы талаптарға толықтай сай. Қадағалаудан өткен өндіріс орындары бекітілген халал стандарты талаптарына сай өнім өндіріп, қызмет көрсетуде. Кәсіпорындарда стандарт талаптарын бұзу жағдайлары тіркелмеді» деген Данияр Сафиев бақылау-қадағалау шараларының оң нәтиже көрсеткенін мәлімдеді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру