Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды: Футбол жарысы өтті

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі ihsan.kz 09.09.2021 2686 0 пікір
Қарағанды: Футбол жарысы өтті

Қарағанды облысы Балқаш қаласы мешітінің жамағаттары және Конфессияаралық қатынастарды зерттеу және талдау орталығымен бірлесе отырып, өзара ынтымақ пен бірлікті қалыптастыру аясында футбол жарысын ұйымдастырды.

Бірнеше сағатқа созылған турнирде жеңімпаздар алғыс хатпен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Ең үздік танылған командаға – 45 мың, екінші орынға – 35 мың, үшінші орынға 25 мың теңге көлеміндегі сыйлық белгіленді. Сонымен қатар жекелеген үздік ойыншылар да сый-сияпаттан құр қалмады.

«Дені саудың – жаны сау» дегендей, жастарды салауатты өмір салтына, ынтымақ пен берекеге шақыратын мұндай ойындар алдағы уақытта жалғасады.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру